Африкалық футболшы бельгиялық «Стандарт», «Андерлехт», испаниялық «Лас-Пальмас», Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл Жазира», «Әл Зафра» командаларының намысын қорғаған. Соңғы жұмыс орны Албанияның «Поградец» командасы. Албания Суперлигасы аясында 12 матчта 5 гол мен 2 асист тіркеген. 32 жастағы футболшы сондай-ақ, Нигерия құрамасының намысын қорғап, командасымен бірге Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жалпы, ұлттық құрамасының сапында 6 ойында доп тепті.
«Қайсар» қатарын осыған дейін Имоның отандасы шабуылшы Виктор Мозес толықтырған. «Дала қасқырлары» ҚПЛ-2026 1-турында «Жеңіспен» ұпай бөлісті 1:1. Екінші турда «Астананы» қабылдамақ. Бұл матч 16-наурызға жоспарланған.