Жарнама
Жарнама

Зейнетке дайындалып жүр? Еуропалық сарапшы Виктор Мозестің әлеуетін бағалады

Бүгін, 10:39

Белгілі сарапшы Джованни Марруччи «Қайсар» намысын қорғайтын нигерялық футболшы Виктор Мозестің ҚПЛ-дегі мүмкіндігіне тоқталып, өз бағасын берді.

Виктор Мозес
Жарнама
Жарнама

«Иә, Мозес қазір мансабының соңғы кезеңінде тұр. Бірақ оның «Интерде» көрсеткен кәсібилігі мен еңбекқорлығын ескерсек, Қазақстанда да жоғары деңгейде ойнап, команданың ойынына ықпал ете алатынына сенімдімін», – деді танымал журналист ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Қызылордалық клубтың Виктор Мозеспен «1+1» жүйесі бойынша келісімшартқа отырғанын еске сала кетейік. 35 жастағы футболшының трансферлік құны 300 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров