Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев клубтың қарыздарына қатысты сұраққа брифингте жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
– Жекеменшік инвестор өз қалтасынан клубтың қарызын өтеуі керек пе, әлде мемлекет бұрын жиналған қарыздарды жабады ма?
Артаевтың айтуынша, “Қайсардыңэ жас ойыншылары жақсы нәтиже көрсетіп, команданың Қазақстан Премьер лигасында орнын сақтап қалуы — үлкен жетістік. Қарыздарға қатысты, бюджетке өтініш берілген, және мердігерлер алдындағы қарыздарды жекеменшік кәсіпкер арқылы өтеу ұсынылады.
Сонымен қатар, футболшылардың жалақысы мен салықтық қарыздар да бюджет есебінен жабылмақ. Жалпы алғанда, еңбек ақы қорын жабу — мемлекеттің жауапкершілігінде. Қазіргі уақытта қарыздардың нақты көлемі белгісіз, себебі оған жалақы алмаған қызметкерлер де қосылған.
Біздің серіктес: FONBET