Қызылордалық “Қайсар” клубын келесі маусымда кім жаттықтырады?
“Қайсар” командасы биылғы маусымда тек қана қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетіп, Премьер-лиганың 14 командасы ішінде 11 орынға жайғасты. Команда құрамында легионер болмаса да, оңтүстік ұжым “Астана”, “Ордабасы” және “Тобыл” сынды клубтармен терезесі тең ойнады. Және ең бастысы Премьердегі орнын сақтап қалды. Отандық футболшылармен осындай нәтижеге қол жеткізген Виктор Кумыков келесі маусымдада өз қызметін жалғастыра беретін болды. “Қайсарға” инвестор болып келеді деген Исламғали Қозбақовта тәжірибелі маманды бір маусымға қалдыруды құп көріпті. Одан тағысы, Кумыков кандидатурасын облыстық әкімшілікте қолдау үстінде. Келесі маусымда “Қайсар” құрамы түбегейлі өзгеріске ұшырамақ. Клубқа алыс және жақын шетелден легионерлер келеді. Сол арқылы қасқырлар жүлделі орыннан көрінуді көздеп отыр.
Жалпы Виктор Кумыков “Шахтер” командасын жаттықтырып жүргенде 2011, 2012 және 2013 жылғы Қазақстанның үздік бапкері атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET