Жарнама
Жарнама

Қайсысында көбірек? Қазақстан чемпионаты мен Франция лигасының жалақы мөлшері салыстырылды

Бүгін, 11:46

«Астана» мен Конго ДР ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Фирмин Мубеле ҚПЛ мен Франция чемпионатындағы жалақы көлемін салыстырды.

Фирмин Мубеле
Жарнама
Жарнама

«Мен «Тулузада» қалғым келмеді, өйткені бапкер үнемі жанжал шығара беретін. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында тәжірибе жинау үшін «Астананы» таңдадым. Мәселе ақшада емес еді – Францияда маған көбірек төлейтін. Егер Нани мен Мозес 36 және одан жоғары жаста жақсы бабын сақтап жүрсе, олармен неге келісімшартқа отырмасқа? Мен агенттердің орнында болсам, Қазақстанға тағы бірнеше топ-футболшы әкелер едім», - деді африкалық футболшы «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

Конголық шабуылшы 2019 жылы «Тулуза» клубынан «Астанаға» ауысқан болатын. 31 жастағы футболшы Еурокубок аясындағы жеті матчта елордалықтар сапында гол соға алған жоқ. Фирмин Мубеленің Қазақстан алаңдарында өз әлеуетін толық ашуға тізе жарақаты кедергісін келтірді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров