Қазақстанның құрамасы топтың көшбасшысы Германиямен қонақ есебіндегі кездесуде жеңіліс тапты. Алаң иелері екінші таймда қарқынын азайта түскендеріне қарамастан екінші таймда Қазақстан құрамасына сенімді түрде қарсылық таныта білді. Ең негізгі дебюттың өзінде біздің команда мынадай қателіктер жіберіп алды: Швайнштайгер айып алаңынан допты соғып еді, доп барлық ойыншыларды асып барып,Хижниченко қараусыз қалдырып кеткен, ең шеткі қақпаның жиегін күзетіп тұрған Мирослав Клозеге жетті. Айтпақшы, бұл құрама үшін Клозенің 60-шы голы. Осыдан 10 жыл бұрын Клозе дал осы «Фритц Вальтер» аренасында құрамас сапына ұабылданған болатын. Осындан кейін біздің футболистер негұрлым қарсыластың қақпасына қарай допты ығыстыруға тырысып еді, ойын ортасында қайтадан қарсыластарды айып алаңына өткізіп алып, «стандарт» орын алды. Бұл жолы Абдулин Мюллердің алдын қайшылай алмай, жас жартылай қорғаушы баспен екінші голды Давид Лорияның қақпасына кіргізе алды. Абыройға орай бұл төрт рет жасалған шабуылдан кейінгі орынды жетістік еді. Ойын соңында тағы да Мюллер даралана түсті. Ол біздің қорғаушылар жасанды офсайд жасау кезіндегі жіберген қателігін орынды пайдаланып кетті. Ол Лориямен бетпе-бет келіп, қарқынды соққымен допты біздің қақпаға бағыттады. Үзілістен соң біздің команданың жетекшісі Мирослав Беранек кадрлар жөнінде және әдіс-тәсіл жайлы бірнеше өзгерістер енгізді. Жұмасқаливтың орнына алаңға Мақсат байжанов шықса, Нұрдаулетов қақпадан алшақтамай,көбіне шабуыл жасап жүрген «Реалдың» хавбегі Месут Озилдің алдын ораумен болды. Оң қапталдағы жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев шабуылды өз қолына алып, жылдамдықты күшете түсіп еді, онысы бекер әлек болды. Оның жылдамдығы контар шабуылда бір пайдасын тигізуші еді, егер сол шабуылдар Нойердің қақпасына қандайда бір үрей туғыза білгенде.Өкінішке орай ол да жоқ. Дегенменде, біздің команда қақпаларының алдына ойынды тысқарылата алып, Жабыл Көкеевтің ойынға қосылысымен сол жақ қаптал да белсенді түрде жұмыс істей бастады. «Бундестим» капитан Филлипп Ламның шабуылы бұрынғыдан әлде-қайда бәсеңдеді. Тап сол Көкеев өз қапталынан бірнеше рет күтпеген жерден шабуыл жасады. Оған қоса Мақсат Байжанов та шабуылға үлес қосып еді, аяғы сәтсіз болды. Негізі Қазақстандықтар қанжығадағы есептерін сол нөл қалпында қалдырып қана қоймай, Йоахим Левтың шәкірттерінің бірі «Реалдың» жартылай қорғаушысы Сами Хедирдің шабуылына төтеп бере алмай, қақпаға тағы да гол кіргізіп алды. Оның добы Клозеге жетіп, Мирослав ашық әрі бос жатқан қақпаға «тайға таңба басқандай» етіп соғып кетті. Сонымен, бізідң құраманың жетекшісі Мирослав Беранектің өткізген алғашқы ресми матчы жеңіске жеткізе алмады. Бірақ, қарсыластардың да жағдайын ескере кеткен жөн. Олар алдын ала ЕВРО-2012 ойнының ақтық сынында ойнайтын топтың бірі болғандықтан, бұдан басқа еш нәтиже де күтпеп едік. «Неміс машинасы» ойын ұйымдастыру барысында өте жоғары дәрежедегі жетістіктерін көрсетіп, қызмет барысында еш келеңсіз жағдайлар тудырған жоқ.
Германия — Қазақстан 4:0 (3:0) Голдар: Клозе 3 (1:0), Мюллер 25 (2:0), Мюллер 43 (3:0), Клозе 88 (4:0) Ескерту алған: Ырысметов 24 Германия: Нойер, Лам, Мертезакер, Бадштубер, Аого, Хедира, Швайнштайгер (Кросс 77), Мюллер (Гетце 77), Озил, Подольски (Гомес 65), Клозе Қазақстан: Лория, Чернышов, Абдулин, Ырысметов, Чичулин, Қонысбаев, Гетериев (Остапенко 81), Нұрғалиев (Кукеев 60), Нұрдаулетов, Хижниченко, Жұмасқалиев (Байжанов 46) Төрешілер: Александр Ставрев, Любомир Крстевски, Марьян Кировски (барлығы — Македония) 26 наурыз. Кайзерслаутерн. «Фритца Вальтера» атындағы стадион.
Мирослав Беранек матчтан кейінгі пресс-конференцияда неміс журналистерінің үлкен аудиториясының алдында біраз толқып, ойынға төмендегідей баға берді: - Бұл ауыр матч біздің команданың қарсыластарының ішінде де, Европа чемпионатының командаларының ішінде де үздігіне қарсы ойналды. Ойын басы біз үшін өкінішті мазмұн алды, алғашқы 2-нші минуттың өзінде-ақ стандарт соққысы барысында қателік жіберіп алдық. Өкінішке орай, үзіліске дейін қателесіп, тағы да екі допты өз қақпамызға жіберіп алдық. Екінші таймда да Германия бізге қарағанда жақсы жағдайда болды, дегенмен көп қиын жағдай тудырмаса да, төртінші голды салып үлгерді. - Мирослав, сіз старттық құрамнан шатасқан жоқсыз ба? - Бұндай құрамның жинақталғаны қалыпты жағдай. Арнайы матчтарда бұл ойыншылардың квалификациясын анықтауым керек болды. Енді мен олардың әрқайсысының мықты командалармен ойнау барысындағы физикалық және психологиялық дайындығының деңгейін білдім. - Сіздің қарамағыңыздағы ойыншыларыңыз старттық жағдайды ойдағыдай іске асыра алмады деп ойламайсыз ба? - Бұл жерде таңданатын ештеңе жоқ. Әлемнің ең мықты құрамасының біріне қарсы ойнау ауыр. Бірақ мен жас ойыншыларға ризамын. Барынша беріліп, кездесу барысын қалай да өзгертуге тырысқандары үшін ризамын. Біздің құрам сапында жастар үздік танылды. Йоахим Лев аз ғана сөйледі. Қазақстандықтардың ойынына қатысты тек олардың қарсылығын оңай жеңгенін атап өтті. Алматы мен Кайзерслаутерндегі матчтарды әр түрлі матчтар болғасын салыстырмады. Астанада қазақстандықтар бірінші таймда «физикалық жағдайына» байланысты жақсы шықты, бірақ оларға жасанды алаң «көмектесті»…
Біздің серіктес: FONBET