Бразилиялық жартылай қорғаушы Кака MLS-тегі «Орландо Сити» сапындағы алғашқы ойынында гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Екінші таймға қосылған қосымша уақытта Кака айып добын орындады. Атақты футболшының соққысынан кейін доп «Нью-Йорк Сити» қорғаушыларының біріне тиіп, бағытын өзгертті де, қақпаға кіріп кетті.
Айта кетейік, «Нью-Йорк Сити» сапында испаниялық шабуылшы Давид Вилья алғашқы кездесуін өткізді.