Жарнама
Жарнама

Какау Астанаға келе жатыр

11.12.2025, 14:55

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау бүгін Астанаға келеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Жарнама
Жарнама

Aman VIBE телеграм арнасының мәліметінше оның сапарының басты мақсаты – Қазақстан футбол федерациясының басшылығымен кездесу өткізу.

Бразилиялық маман қазіргі таңда ұлттық құраманың бос тұрған бас бапкері қызметіне басты үміткер болып саналады. Какаудың өзі де Қазақстанға қайта оралуға ниет білдіріп отыр.

Какаудың басшылығымен Қазақстан футзалы өзінің ең жарқын кезеңін бастан өткерген. Ол құраманы алғаш рет Еуропа және Әлем чемпионаттарының финалдық кезеңдеріне шығарды, сондай-ақ "Қайрат" клубымен Еуропаның екі дүркін жеңімпазы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров