Жарнама
Жарнама

Какау Қазақстан футзал құрамасын қайтадан баптауы мүмкін

10.11.2025, 19:55

Қазақстанның ұлттық футзал құрамасын әлемге танытқан маман — Рикардо Какау елге оралуы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Futsal Legends таратқан ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы Бразилиялық бапкер Пауло Рикардо Камара Собрал (Какау) Қазақстан құрамасын қайта жаттықтыру туралы ұсыныс алған.

Какау 2013–2018 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған. Дәл осы кезең ұлттық футзал тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ел футзалының жаңа деңгейге шығуына негіз болған тарихи жетістік еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров