Дінмұхамбет Сүлейменов футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабына қосылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан футзалының аңыз тұлғасы Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құраманың бас бапкеріне көмекші болып тағайындалды.
Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама мен "Қайраттың” капитаны болған Сүлейменов енді жаңа қызметте бағын сынамақ. Ол құраманың тізгінін қайта ұстаған Рикардо Камара Собралдың (Какау) бапкерлер штабында ассистент міндетін атқарады.
Бұл тағайындалудың символдық мәні зор. Дінмұхамбет Сүлейменов бұған дейін Какаудың жетекшілігімен ұлттық құрамада және "Қайрат” сапында ойнап, көптеген халықаралық табыстарға қол жеткізген. Енді қос маман бұрынғы ойыншы-бапкер” форматынан "бапкеp-көмекші” форматына ауысып, Қазақстан футзалын жаңа деңгейге көтермек.
Біздің серіктес: FONBET