Жарнама
Жарнама

Қақпашы Игорь Шацкий келесі маусымда қай клубта ойнайды?

22.10.2025, 19:14

Ұлттық құраманың қақпашысы, қазіргі сәтте Бірінші лигада «Шахтердің» намысын қорғап жүрген Игорь Шацкий алдағы жоспарын айтты.

Жарнама
Жарнама

««Шахтермен» келісім-шартымыз бар. Келесі жылы да да осы клубта ойнауға тырысамын. Не болатын көре жатармыз. Өзім дәл осы клубта футбол мансабымды аяқтағым келеді. Себебі, мен «Шахтер» футбол мектебінің түлегімін. Клуб маған көптеген мүмкіндіктер берді. Әзірше қанша жасқа дейін қақпада тұратынымды білмеймін. Барлығы денсаулығым мен футболдан жігер алуыма тікелей қатысты болмақ. Қазіргі таңда футболға деген қызығушылығым әлі жоғалмады», – деді Игорь Шацкий.

Бірінші лигада өнер көрсетіп жатқан «Шахтер» клубының Премьер-лигаға шығу мүмкіндігі әзірше төмендеу. Өйткені кеншілер соңғы турда жеңіп қана қоймай, «Алтайдың» жеңілгенін де күтеді.

Игорь Шацкий – 2019-2024 жылдар аралығында ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болып, 33 ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: