Жарнама
Жарнама

Қақпашы Қалмырзаның қатты қобалжуына не себеп болды?

“Қайраттың” үшінші қақпашысы Шерхан Қалмырза қосалқы құрамда отырып, әлеуметтік желіде танымал болды.

Жарнама
Жарнама

“Селтикке” қарсы ойында “Қайрат” қос бірдей қақпашысынан айырылып қала жаздады.

Ойынның 75 минутында Темірлан Анарбеков негізгі қақпашы Александр Заруцкидің жарақат алуына байланысты алаңға кірген болатын. 21 жастағы қақпашы осы маусымда Қайрат үшін 6 матч өткізіп үлгерген еді. Енді міне еурокубоктік ойынға шықты-ау дегенде, 88 минутта ауыр жарақат алды. Қарсылас команданың жапон ойыншысы Шин Ямада Темірланды тізесімен байқаусызда теуіп жіберіп, мандайын жарды. Соның салдарынан “Қайраттың” дәрігерлері Анарбековтың басынан сорғалап аққан қызыл қанды арнайы бас киім кигізіп жатып, әрең тоқтатты. 

Сол сәтте операторлар қосалқы құрамдағы Шерхан Қалмырзаға камера объективін нұсқады. Онда жас ойыншының түрінде қатты қобалжу бар екені байқалды. Алайда 18 жастағы ойыншының бағына орай, Темірлан матчты соңына дейін жалғастырды. Бірақ кездесуден кейін белсенді әлеуметтік желі қолданушылары Шерханды мемге айналдырды.

Қақпашы камерадағы қобалжу сәті Темірлан Анарбеков үшін қатты алаңдаған кезде орын алғанын айтты. Қалмырза 21 жастағы ойыншы алаңнан кеткен күннің өзінде ойынға қосылудан еш қорықпағанын жеткізді.

Жалпы Шерхан Қалмырза кім?

Шерхан “Қайрат” сапындағы Дастаннан кейінгі ең кенже ойыншысы. Қақпашының жасы 18-де. Келер жылы “Челсиге” кететін Сәтпаев екеуі QJ League турнирінде “Қайраттың” намысын қорғаған. Тіпті қақпашы шабуылшыға голдық паста берген. Бұл оның голкипер ретіндегі аяқпен жақсы ойнайтынын көрсетті. 

Негізгі ұжымға Шерхан осы маусым алдында шақыртылды. Бірінші лига аясында қақпашы “Қайрат-Жастар” үшін 6 матч өткізіп үлгерген.  Одан тағысы, Қалмырза еліміздің Жастар құрамасына тұрақты түрде шақыртылып келеді. 2023 жылы Шерхан Қазақстан U-17 командасымен бірге, Еуро турнирі аясында Шотландия, Түркия және Беларусь ұжымдарына қарсы кездесуде қақпаға тұрды.

Қалмырза “Қайрат” командасының QJ League ұжымымен бірге, УЕФА Жастар лигасында “Бетиске” қарсы матчында өнер көрсетіп, өз қақпасына 6 гол жіберген. Бұл қақпашының еурокубоктегі алғашқы тәжірибесі болып саналды. 

Алматыдағы қарымта матчта Шерхан бастапқы құрамда алаңға шығып қалуы мүмкін. Бұған себеп, Заруцкий мен Анарбековтың жарақаты. “Қайрат” Басынан қан тоқтамаған Темірланды тәуекел етіп екінші ойынға шығара қояды деуге сену қиын. Сол себептен, Қалмырзаға қай уақытта болмасын “Селтикке” дайын болғаны абзал. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: