Алматы қаласының 2026 жылға арналған бюджетінен “Қайратқа” бөлінетін қаражаттың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
BES.media басылымының мәліметінше 2026 жылы Қазақстан чемпиондарына бюджеттен 750 миллион теңге бөлінеді.
Қаражат қайда жұмсалады?
Бөлінген қаражат тек негізгі команданы емес, клубтың бүкіл құрылымын дамытуға бағытталады. Қазіргі таңда “Қайрат” штатында 103 қызметкер еңбек етеді. Бюджет өтінімінде қаржының келесі бағыттар бойынша бөлінетіні көрсетілген:
– Премьер лига командасы: 21 футболшы мен 5 жаттықтырушыдан тұратын негізгі құрамның шығындары.
– “Қайрат Жастар” командасы: Құрамдағы 31 ойыншы мен 5 бапкердің жаттығу процесі.
– “Қайрат” академиясы: Клубтың ең үлкен бөлімі. Мұнда 41 жаттықтырушы жұмыс істейді және 800-ден астам жас өскін футбол әліппесін үйренуде.
Футзалға ерекше қолдау
Футболдан бөлек, Алматыда футзалды дамытуға да көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа 90 миллион теңге қарастырылған.
Бұл қаржы спортшылардың қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, футзал академиясының жұмысын жандандырып, лайықты құрам дайындауға жұмсалады.
Бұл мемлекеттік қолдау “Қайраттың” инфрақұрылымын сақтап қалуға және балалар футболын жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік беріп отыр.
Біздің серіктес: FONBET