Жарнама
Жарнама

Камерун құрамасының аңызы ҚПЛ-ге келмек

Бүгін, 19:50

"Ақтөбе" клубы трансферлік нарықта тағы бір сенсация жасауға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Match KZ дереккөзінің хабарлауынша, Камерун құрамасының капитаны әрі аты аңызға айналған шабуылшыcы Венсан Абубакар Қазақстандық ұжымның қатарын толықтыруы ықтимал.

Венсан Абубакар — қазіргі таңда Әзербайжанның "Нефтчи” клубында және Камерун ұлттық құрамасында өнер көрсететін тәжірибелі орталық шабуылшы.

Абубакар өзінің кәсіби жолын Камерунның "Котон Спорт” клубында бастап, 18 жасында Францияның "Валансьен” командасына ауысты. Оның таланты бірден көзге түсіп, 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатында Камерун құрамасының сапындағы жалғыз жергілікті ойыншы ретінде қатысты.

Ойнаған негізгі клубтары:

  • "Лорьян" (Франция): Бір маусымда 16 гол соғып, Еуропа алпауыттарының назарын аударды.
  • "Порту" (Португалия): Мансабының алтын дәуірі. Екі дүркін Португалия чемпионы атанып, 58 голдың авторы болды.
  • "Бешикташ" (Түркия): Түрік жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналып, Суперлига алтынын иеленді.
  • "Аль-Наср" (Сауд Арабиясы): Криштиану Роналду келгенге дейін клубтың сұрмергендерінің бірі болды.

Абубакар — Камерун футболының тірі аңызы. Ол үш бірдей Әлем чемпионатында (2010, 2014, 2022) бақ сынады. Әсіресе, 2022 жылы Катарда өткен додада Бразилия қақпасына жеңіс голын соғуы футбол тарихына алтын әріптермен жазылады.

2017 жылғы Африка кубогының финалында Мысыр қақпасына шешуші голды соғып, елін чемпион қылды.

2025 жылғы қараша айындағы мәлімет бойынша, ол аңызға айналған Роже Милланың рекордын жаңартып, құрама сапында 45 гол соққан үздіктердің біріне айналды.

Қазіргі уақытта 33 жастағы шабуылшының нарықтағы құны 700 мың еуроға бағаланып отыр. 2025 жылдың қазан айынан бастап "Нефтчи” сапында жүрген ойыншының "Ақтөбеге” келуі Қазақстан Премьер лигасының мәртебесін айтарлықтай көтеретіні анық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров