Күні кеше ғана Это О Ресей премьер-лигасының 29-турында «Локомотивке» қарсы ойында жеңіс голын салып (2:1) өз командасына маңызды үш ұпайды әкелген болатын. Ойыннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Интерге» қайту туралы ақпараттың жалғандығын сөзімен дәлелдей түсті.
- Бүгін мен барлығымен бірге бақыттымын. Қола жүлде – біздің команда үшін үлкен жетістік. Бұған тек ойыншылар ғана емес, клуб басшылығы, қызметкерлер, жанкүйерлер және журналистердің де септігі көп тиді. Бүгінгі жеңіс – біздің ортақ жеңісіміз! Сіздердің арқаларыңызда біз осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Мен бүгінгі жеңісімз үшін өте қуаныштымын. Алайда келесі жылы «Анжимен» бірге бұдан да биік белестерге жеткім келеді. Ал "Интерге" бармаймын. Спорттық мансабымды "Анжиде" аяқтағым келеді – деп ағынан жарылды.
Камерундық шабуылшының «Интер» сапында жылына 6,5 млн еуро алып жүрсе, бүгінде ол дағыстандық клубта жылына 20 млн еуро жалақы алады. Үш жылдық келісім-шарты бойынша Это О 60 млн еуроны қалтасына басары сөзсіз.
Біздің серіктес: FONBET