Жарнама
Жарнама

Камо Оганесян: «Армения командасына қарсы ойнау мен үшін өте қызықты болады»

13.08.2020, 00:17
«Қайрат» пен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі жеребе нәтижелеріне түсінік берді.
Жарнама
Жарнама

- Камо, жеребе нәтижесі туралы не айта аласыз?

- Жеребе - бұл жеребе. Мен үшін Армения командасына қарсы ойнау өте қызық болады.

- "Ноа" клубы туралы не білесіз? Онда сіздің таныстарыңыз бар ма?

- Мен бұл жас команда екенін білемін. Биыл олар Армения Кубогы мен Суперкубогін жеңіп алды. Чемпионатта екінші орын алды. Команда мықты және талапқа сай. Олар соңына дейін күреседі. Өте жақсы команда. Ия, әрине, менің бұл командада таныстарым бар. Мен олардың директоры Артур Саакянмен жақсы таныспын. Біз футболды бірге бастағанбыз.

- "Ноа" клубында Беник Оганесян деген ойыншы бар.

- Иә, біз бір-бірімізді білеміз. Ұлттық құрамада бірге ойнаған кездеріміз болды. Біздің тегіміз ұқсас, Арменияда Оганесяндар көп (күледі).

- Матчтың туған жеріңіз Арменияда емес, Алматыда өтетініне сіз ренжідіңіз бе?

- Менің отанымда ойнағанымыз жақсы болар еді, бірақ сіз менің «Қайрат» ойыншысы екенімді ескеруіңіз керек. Үйде, "Орталық" стадионда ойнау - біз үшін артықшылық. Біз келесі кезеңге өту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров