Отандық маман Болат Есмағамбетов Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстаған Фабио Каннаваро жайлы пікірін айтып, ойын ортаға салды.
Білікті бапкер Өзбек футбол федерациясы отандық маманға мүмкіндік беруі керек еді деп есептейді. Осыған дейін құраманы белгілі футболшы, бапкер Тимур Кападзе жаттықтырып келген болатын.
«Өз басым таңқалдым, оларда өздерінің бапкері болды – Кападзе. Анау жастармен бірге жұмыс істеп, нәтиже берді. Енді басты командамен де керемет көрсеткіштерімен есте қалуда. Бірақ Әлем чемпионатына шығарған бапкерді орта жолдан алып тастады. Неге өздерінің жаттықтырушысына мүмкіндік бергісі келмейді? Осы жағын түсіне алмай отырмын. Фабио Каннаваро да асып бара жатқан бапкер емес. Иә, кезінде мықты футболшы болды. Бірақ, бапкерлікте ауыз толтырып айтарлықтай нәтижесі жоқ қой?! Әрине, өзбектер ол жағын өздері біледі ғой, кімді алады, кімді қояды... Десе де, мына шешімдері біртүрлі көрінді», - деді Б. Есмағамбетов “Аладоп.кз” сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Өзбекстан Тимур Кападзенің бапкерлігімен ӘЧ-2026-ға жолдама алған еді.
Біздің серіктес: FONBET