Өзбекстан ұлттық құрамасы жаңа бас бапкер Фабио Каннавароның алғашқы ойынында Кувейт құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Бұл Италиялық маманның Өзбек футболындағы дебюті.
Кездесудің алғашқы бөлігінде Өзбектер жылдам екі гол соғып, ойынның тағдырын ерте шешті.
10-минутта Элдор Шомуродов есеп ашса, 19-минутта Ходжимат Эркинов айырманы еселеді. Қалған уақытта Өзбекстан сапында тәртіпті қорғаныс пен жинақы ойын байқалды.
Фабио Каннаваро 6 қазанда ұлттық құраманың тізгінін ұстап, жергілікті бапкер Тимур Кападзені алмастырған болатын.
Кападзе командасын 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығарып, айтарлықтай табысқа жеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET