Жарнама
Жарнама

Каньясқа сенім артылмақ

07.08.2013, 02:13
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетіп жатқан ел чемпионы, қарағандылық «шахтер» кезекті ойынына аттанды. Естеріңізде болса 3-іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында қарағандылықтар «Скендербеу» командасымен күш сынасқан болатын. Алғашқы ойында 3-0 есебімен жеңіске жеткен Виктор Кумыков шәкірттері енді жауапты ойынды аброймен өткізуді ойлайды. 4 тамыз күні Қарағандыдан жол тартқан команда Киев қаласы арқылы Тиранаға келді. Бас бапкердің шешімі бойынщша жергілікті ауа-райына үйренісу үшін футболшылар кішігірім жаттығу жүргізді. Оның басты себебі, Тирана қаласында осы күні шіліңгір ыстық. Күн ысып, қапырық ауа орын алып тұр. Соның кесірінен әуе жолынан шаршағандықтарына қарамастан клуб бапкерлері жасыл алаңның жағдайы мен жергілікті климаттың қыр-сырын меңгеріп алғанды жөн санады. Футбол клубының жаттықтырушылар штабының айтуынша жауапты ойында футболшыларымызға сақ болған жөн. Өйткені күннің аптап ыстығы албаниялық футболшылар үшін көмегін тигізуі ықтимал. Айта кетер болсақ, ел футбол клубтарының тарихында мұндай келеңсіз тәжірибие бар. Ол Ақтөбе клубының басынан өткен. Сырт алаңда Тель-Авив қаласында 35 градус ыстықта өнер көрсеткен олар, 4-3 есебімен ұтылған болатын. Сол ойында ақтөбеліктер 3-0 есебімен ұтып тұрған еді. Алайда ойын соңына қарай футболшылардың өкпелері шыдамай, сол кездесудің соңы өте өкінішті аяқталған. Міне, осы бір жағдайды жадыда ұстаған бапкерлер мен футболшылар ертеңгі ойында осалдық танытпауды басты мақсатқа қоюда. Команджа ойыншылары да, жаттықтырушылар да мұндай мәселемен еш қиналмайтын бір футболшыны көрсетуде. Ол колумбиляқ жартылайқорғаушы Роджер Каньяс. Оңтүстік Америкада күннің 40 градус ыстығында топ теуіп үйреніп қалған Роджер ертеңгі ойында қорғаныс барысын өз қолына алады деп күтілуде. Оның үстіне Кумыков бапкердің болжамына сенсек, таулы аймақта колумдиялық легионер 90 емес тіпті, 120 минут доп тебе алатын жағдайда. Міне, осындай қабілеті бар футболшылар жауапты матчта бар жауапкершілікті мойнына алып, команданы келесі кезеңге алып шығуы тиіс деп есептейміз. Ермұхамед МӘУЛЕН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров