ЧЛ жалпы кезеңінің 4-турының аясында болатын «Карабах» - «Челси» арасындағы кездесу билеттері сатылымға шықты.
Бұл туралы әзербайжандық клуб мәлімдеген болатын. Аталған матчтың билеттері теңгеге шаққанда 3500-ден басталады. Ал ең қымбаты 23500 теңгенің шамасында. Бұл бәсеке 5-қарашада болады. Айта кетейік, «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңінде өз алаңында өткізетін кездесулеріндегі ең арзан билет 30 мыңнан басталған болатын. Қымбаты 250 мыңға дейін барды. Сондай-ақ, осы арада «Интер» - «Қайрат» кездесуіндегі билеттердің 7 мыңнан басталатынын да айта кету керек. Жалпы, биылғы турнир қатысушыларының арасында ең қымбат билетті алматылық клуб сатуда.
Біздің серіктес: FONBET