Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шыққан әзербайжандық клуб АПЛ 4 дүркін жеңімпазын қатарға қоспақ ниетте.
2026 жылдың 28 қаңтарынан бері клубсыз жүрген Рахим Стерлинг “Карабах” командасына қосылуы мүмкін. Трансфермаркет порталы да Челсиде жүргенде аптасына 325 мың фунт стерлинг алған ойыншының трансферін жоғары бағалауда.
31 жастағы вингер осы уақытқа дейін тек өз отанындағы клубтарда өнер көрсеткен. Атап айтсақ, “Челси”, “Ливерпуль”, “Арсенал” және “Манчестер Сити”. Жалпы Ағылшын Премьер-Лигасында Рахим 396 матч өткізіп, 123 гол мен 75 голдық пас берді.
Айта кетейік, Агдам қаласының ұжымы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде плей-оффқа шыққан 24 команданың ішіне кіріп, 1/16 финалға шығуға мүмкіндік алды. Әзербайжан ұжымының аталған турнирдегі келесі қарсыласы англиялық “Ньюкасл”.
Біздің серіктес: FONBET