"Шахтер" Аслан Дарабаевқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ дереккөзінің хабарлауынша, Қарағандылық "Шахтер” өз түлегін қайта сапқа қосуға ниетті.
36 жастағы Аслан Дарабаев үлкен футболға дәл осы “Кеншілер" сапында қадам басқан болатын. Қазіргі таңда Оның тәжірибесі ҚПЛ-ге шығуды көздеп отырған "Шахтерге" ауадай қажет.
Жасына қарамастан, Аслан әлі де бабында екенін дәлелдеп жүр. 2025 жылғы маусымды ол екі бірдей клубта өткізді: "Оқжетпес” және "Тұран”.
2025 жылғы ҚПЛ аясында ол 23 матчқа қатысып, нәтижелі пас берді.
Қазақстан футболының географы
Дарабаев — еліміздің ең таңдаулы клубтарының барлығында дерлік бақ сынаған бірегей ойыншы. Оның тізімінде "Ақтөбе", "Қайрат", "Астана", "Тобыл” сынды алпауыттар мен басқа да азулы ұжымдар бар.
2014 жылдан бері ұлттық құрама намысын қорғаған шебердің Қарағандыға оралуы — жылдың басты трансферлік оқиғаларының бірі болмақ.
Біздің серіктес: FONBET