Жарнама
Жарнама

Қараша айында тағы 2 футбол клубы жеке қолға беріледі

04.11.2025, 11:40

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында жекешелендіру бойынша жұмыс барысына тоқталды.

Жарнама
Жарнама

«2025 жылдың 30 қазанында «Қайсар» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтіп, «ТАУ Групп» компаниясының басшысы Иманғали Қозбақовтың басқаруына берілді.

Қала әкімдігі футбол академиясын салу үшін жер учаскесін бөлді. Инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрайды. Келесі кезеңде «Қызыл Жар» клубының меншігін беру жоспарланып отыр. Бұл процесс 2025 жылдың 15 қарашасына дейін аяқталады.

Ал «Шахтёр» футбол клубының жекешелендіруі қараша айының соңына дейін аяқталмақ. Бұл жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 18 млрд теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, футбол инфрақұрылымына тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 45 млрд теңгеден асады», – деді Давид Лория.

Айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруді тездету керектігін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: