Жарнама
Жарнама

Карим Бензема «Алтын доп» үшін таласта көш бастап келеді

12.04.2022, 16:14
Месси мен Роналду үздік ондықтың қатарында жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» үшін күресте көш бастап келеді, деп хабарлайды Goal порталы.

Екінші орында «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски тұр. Ал үздік ондықта Мохамед Салах («Ливерпуль»), Килиан Мбаппе (ПСЖ), Лука Модрич («Реал Мадрид»), Садио Мане («Ливерпуль»), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Винисиус («Реал Мадрид»), Фил Фоден («Манчестер Сити») және Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль») секілді ойыншылар бар.

Еске салайық, мадридтік клуб УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Челсиді» 3:1 есебімен ұтып, Карим сол ойында хет-трик жасаған болатын. Осылайша, Бензема Чемпиондар лигасындағы 82 голын соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров