Француз футболында үлкен дау.
Франция Ұлттық құрамасы мен "Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Кәрім Бензема сәрсенбі күні Париждің полиция бөлімшесіне шақырылып, қамауға алынды деп хабарлайды BBC. Футболшыға өзінің отадасы Матье Вальбуэнаны бопсалаған деген айып тағылуда.
Бензема және тағы төрт адам(оның ішінде Франция Ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Джибрил Сиссе де бар) Вальбуэнаны бейнетаспамен бопсалаған. Бейнетаспада Матьеның жыныстық қатынасқа түскені көрсетілген.
Тергеу барысында, Франция Ұлттық құрамасының жаттығу жұмыстары кезінде, Бензема Матьеге бейнетаспа жөнінде айтып бопсалағаны анықталған.
Егер, Кәрім Бенземаның бұл іске қатысы бар болып, кінәсі толық дәлелденсе бес жылға түрмеге отыруы мүмкін.