Жарнама
Жарнама

Карим Бензема бір жылға бас бостандығынан айырылды

25.11.2021, 02:43
Француз шабуылшысына айыппұл да салынды.
Жарнама
Жарнама

Версаль соты «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бенземаны француз футболшысы Матье Вальбуэнаны бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды L'Equipe.

Бензема бопсалау әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және 75 000 еуро айыппұл арқалады. Іске қатысқан тағы төрт айыпталушы да кінәлі деп танылды.

Еске салайық, 2015 жылы Бензема Вальбуэнаның қатысуымен түсірілген интимдік видеоны жарияламау үшін футболшыдан ақша талап еткен болатын. Екі ойыншы да бопсалау жағдайына байланысты Франция құрамасынан шеттетілді, бірақ Бензема биыл командаға қайта оралды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров