Жарнама
Жарнама

Карим Бензема Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

10.03.2022, 13:48
Шабуылшының үш голы мадридтік клубқа жеңіс сыйлады.
Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Пари Сен-Жермен» командасымен (3:1) болған қарымта ойында хет-трик жасаған «Реал Мадридтің» шабуылшысы Карим Бензема тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды OptaJoe порталы.

Дереккөздің мәліметінше, Карим Бензема Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған ең егде жастағы ойыншы атанды (34 жас 80 күн), ол қазір «Милан» сапында ойнайтын «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Оливье Жирудың рекордын жаңартты. Жиру 2020/2021 жылғы маусымда топтық кезеңнің 5-ші турында «Севилья» қақпасынан төрт мәрте саңылау тапқан болатын (34 жас 63 күн).

Бензема кеше «Реал Мадрид» жейдесіндегі 309-шы голын соғып, клуб тарихында бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында тұрған Альфредо Ди Стефаноны (308) басып озды. Алғашқы орындарда Рауль (323) мен Криштиану Роналду (450) тұр.

Бензема осы маусымда «Реал Мадрид» сапында барлық турнирлерде 33 ойынға қатысып, 30 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров