Жарнама
Жарнама

Карим Бензема Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

07.04.2022, 14:42
Бензема еурокубокте «Челси» қақпасына хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Челсимен» болған ойында хет-трик жасап, бірнеше рекордты жаңартты.

Бензема кеше Чемпиондар лигасындағы 82-голын соқты. 34 жастағы шабуылшы турнир тарихында 80 гол соққан төртінші ойыншы атанды. Бенземаға дейін бұл межені Криштиану Роналду (140 гол), Лионель Месси (125) және Роберт Левандовски (85) бағындырған.

Сондай-ақ Безнема Чемпиондар лигасында бір маусымда 10 гол соққан алғашқы француз футболшысы атанды.

Карим Чемпиондар лигасының екі плей-офф ойынында қатарынан хет-трик жасай алған екінші ойыншы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін бұл көрсеткішке Криштиану Роналду 2016/17 жылғы маусымда қол жеткізген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров