«Карим Бензема» ҚПЛ клубынан кетті

03.02.2023, 00:38


Македониялық футболшы Самир Фазли "Тұранды" тастап кетті. Шабуылшы мансабын отанындағы "Македония Джерче Петров" командасында жалғастырады.

ҚПЛ өткен маусымында ол 21 ойын өткізіп, 1 гол салған болатын. "Тұран" өз кезегінде біріншілікте 13 орын алып бірінші лигаға түсіп қалды. 

Қазақстанда шабуылшының "Карим Бензема" деген лақап аты бар.

 31-жасар Фазли өз мансабында "Шкендия", "Рудеш", "Виль", "Хелмонд Спорт" және "Херенвен" ұжымдарының намысын қорғаған.