«Реал Мадрид» Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бенземамен келісім-шартты 2023 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды мадридтік клубтың баспасөз қызметі.
Жаңа келісім-шартқа сәйкес, Бензема команда деңгейіне сәйкес келмейтінін сезсе, мерзімінен бұрын «Реалдан» кете алады. Бенземаның мадридтік клубпен бұрынғы келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды еді.
Естеріңізге сала кетейік, Карим Бензема жазда соңғы алты жыл бойы ойнамаған Франция құрамасына шақырту алған болатын. Шабуылшы Еуропа чемпионатында 4 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET