Жарнама
Жарнама

Карим Бенземаның Чемпиондар Лигасындағы рекордын Лионель Месси тоғыз минуттан кейін қайталады

29.09.2021, 23:23
Екі футболшы да Чемпиондар Лигасының әр маусымында гол соғып жүр.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде "Шерифпен" болған ойынның 65-минутында пенальтиден гол соқты.

Осылайша француз футболшысы еуропалық турнирде жаңа рекорд орнатты. Бензема Чемпиондар лигасының 17 маусымында гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Параллель өтіп жатқан ПСЖ - "Манчестер Сити" матчында бұл жетістікті қайталайтын адам табылды. Ойынның 74-минутында көзге түскен Лионель Месси тарихқа аталмыш турнирдің 17 маусымында гол соққан екінші футболшы ретінде енді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров