Жарнама
Жарнама

Кариус: "Рамос менен кешірім сұрамады"

25.09.2018, 04:39
Жарнама
Жарнама
"Бешикташқа" жалға берілген "Ливерпульдың" қақпашысы Лорис Кариус Киевте өткен Чемпиондар лигасының финалында "Реал Мадрид" қорғаушысы Серхио Рамоспен болған қақтығыстан кейінгі ойын білдірді. Еске сала кетсек, Рамос Кариусты шынтақпен соғып кеткен болатын. Содан кейін неміс қақпашысы өз қателігінен екі бірдей гол жіберіп алған. Сол қақтығыстан Кариустың миы шайқалғаны белгілі болды. "Мені әдейі ұрды ма, әлде жоқ па, оны Рамостың тек өзі біледі. Бірақ соңында ол менен кешірім сұрамады. Тест нәтижелері бойынша, сол соққыдан кейін көру қабілетім бұзылғаны белгілі болды. Әйтпегенде, мен ондай қателіктер жібермес едім." Айта кетейік, сол ойында Рамоспен болған қақтығыстан кейін финалдағы "мерсисайдтықтардың" басты үміті, қаһарманы Мохамед Салах жарақат алып, ойынды мезгілінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған.

Марғұлан ЖАҚЫП

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров