Жарнама
Жарнама

Карлес Марторелл «Жастар» турнирінің барлық ойынын қарайды

26.02.2015, 01:50
Жарнама
Жарнама
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Карлес Марторелл жұмыс сапарымен Шымкентке барды. Ол «Жастар» Республикалық турнирінің іріктеу кезеңіндегі барлық ойындарды қарап, жасөсіпірмдер құрамасмына үміткерлерді анықтамақ. Испаниялық маман алдымен футбол орталықтарының бағдарламасымен, жаттықтырушылармен танысып шықты. Сонымен қатар, Карлес Марторелл «Биік» футбол базасын аралады. Енді «Ордабасы» футбол орталығының тек қана 1999 жылғы емес, өзге жастағы балалардың ойынын бақылауды жоспарлап отыр. Қалалық және облыстық футбол мектептерінің шәкірттерін де испаниялық маман қарап шықпақ. - Маған «Биік» футбол базасы ұнады, онда футболшылардың жаттығуы мен ойыны үшін барлық жағдай жасалған, - дейді Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Карлес Марторелл. – Алайда, ауа райының қолайсыздығы алаңның сапасына кедергі келтіріп отыр. Бүгін үш ойынды қарадым, ойыншылардың жеңіске деген құштарлығы мен ойын деңгейі көңілімнен шықты. Айта кетейік, Шымкентте футбол орталықтары мен академиялардың 1999 жылғы балалар арасында «Жастар» Республикалық турнирі басталды. Турнирге Қазақстанның барлық өңірінен 18 команда қатысады. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы 200-ден аса үміткердің ойынын тамашалай алады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров