Жарнама
Жарнама

Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

05.05.2022, 16:18
Италиялық маман Фергюсон мен Клопптың рекордын жаңартты.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасының финалына бесінші рет шықты.

62 жастағы италиялық маман бұған дейін 2003, 2005, 2007 жылдары «Миланмен» және 2014 жылы «Реал Мадридпен» бірге турнирдің ақтық кезеңіне дейін жеткен. Соның бірінде ғана Анчелоттидің командасы сәтсіздікке ұшырады. Нақтырақ айтсақ, 2005 жылы «Милан» «Ливерпульден» пенальти сериясында жеңілген болатын.

Осылайша, Анчелотти төрт мәрте финалға жеткен Алекс Фергюсон, Марчелло Липпи және Юрген Клоппты басып озды.

Ал «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола Чемпиондар лигасының жартылай финалында алтыншы рет сәтсіздікке ұшырады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Жозе Моуриньоның антирекордын қайталады.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екі матчтың қорытындысы бойынша «Реал Мадрид» «Манчестер Ситиді» 6:5 есебімен жеңді. Финалда мадридтік клуб «Ливерпульмен» күш сынасады. Аталмыш матч 28 мамырда Париждегі (Франция) «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров