Жарнама
Жарнама

Карло Анчелотти "Ливерпульді" баптағысы келеді

29.05.2015, 02:17
Жарнама
Жарнама
Италяндық маман Англияға қайта орала ма? Анчелотти 2009-2011 жылдар аралығында "Челсиді" тізгіндеген еді. Енді, жақында ғана "Реал Мадридтегі" орнын босатқан жаттықтырушы Англияға оралып, "Ливерпульді" баптамақ екен. Бұл туралы "The Sun" басылымы жазып отыр. Бірнеше күн бұрын, Брендан Роджерстың үш жылдағы жұмысына көңілі толмайтындығын "Ливерпуль" басшылығы жария еткен еді. Қанша қаржы құйса да, команда бірде-бір турнирде топ жарып шыға алмады. Ал, Карло Анчелотти әйгілі "қызылдарға" көмекке келуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Италяндық, және испандық клубтарымен Еуропа шыңын бағындырған Анчелоттидің жолы осы Англияда болмаған еді. Сондықтан, Тұманды Альбионды мойындату үшін туып тұрған бұл тамаша мүмкіндік.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров