Бірнеше ірі дереккөздердің мәліметі бойынша, "Реал Мадрид" Карло Анчелоттиді қызметінен босатуға шешім қабылдаған.
"Реал Мадридтің" президенті Флорентино Перес клубтың болашағы туралы екі сағатқа созылған кездесу өткізгеннен кейін Анчелоттидің келісімшартын аяқталмас бұрын тоқтатуды шешіпті.
Анчелоттидің келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды болғанымен, биылғы маусымның соңында ол жұмысын тапсырады.
Ла Лигада "Барселонадан" төрт ұпайға қалып, екінші орынға тұрған "Реал Мадрид", Чемпиондар лигасынан шығып, Испания кубогының финалында "Барселонаға" жеңілді.
"Реал Мадридтің" келесі жаттықтырушысы ретінде Байер Леверкузенді басқарып жүрген Хаби Алонсоның аты аталып отыр. Ол бұрын "Реал Мадридтің" академиясында жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET