Жарнама
Жарнама

Карлос Алос Ферер Беларусия құрамасымен қоштасты

Испан маманы бульбаштар командасын 2023 жылдан бері жаттықтырып келген еді.

Жарнама
Жарнама

Дәлірек айтқанда, 2023 жылдың 8 тамызында қызметке келген Карлос Беларус тізгінінде 26 матч өткізіп, соның 6 жеңіп, 10 тең ойнап, қалған 10 жеңіліс тапты. 

Жалпы бапкерлік мансабында 50 жастағы маман “Тортоса”, “Китчи”, “Погонь” Седльце, “Қайрат”, “Рабат”, “Катар”, “Паралимни” клубтарын жаттықтырды. Ал құрама деңгейінде Алос Ферер Руандада біраз жылдар қызмет жасады.

Беларусь құрамасына алдағы уақытта жаңа бас бапкер ретінде Виктор Гончаренко таныстырылатын болады. Оның көмекшісі ретінде Александр Эрмакович штабта тіркеледі. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: