Жарнама
Жарнама

Карлос Алос Феррер командасы 4 ойын қатарынан ұтылды

Беларусь ұжымы Шотландияға екінші рет мойынсұнды.

Жарнама
Жарнама

Шотландия құрамасы бүгін Беларусия ұжымын Глазгодағы Хэмпден Парк стадионында қонақ қылды. 90 минут қорытындысы бойынша 5 гол соғылған болатын. Алайда тәртіп бұзу мен қолмен ойнау арқылы соғылған эпизод кесірінен алаң иелері мен бульбаштар командасының бір-бір голдары есепке саналмады. Бірақ соған қарамастан қос ұжым шабуылда аянып қалмады. Недегенмен кездесу барысында Че Адамс пен Скот Мактоминей голдарының нәтижесінде Шотландия Беларусияны 2:1 есебімен жеңіп, 3 ұпайын қанжығасына майлады.

Аталған кездесуде Карлос Алос Феррер командасы сапынан бастапқы құрамда қайраттық Александр Мартынович пен Валерий Громыко және астаналық Макс Эбонг шықты. Алайда Қазақстан Премьер-лига футболшылары бүгінгі ойындағы ең сәтсіз өнер көрсеткендер қатарынан табылды. 

Еске салсақ, Беларусь ұжымы бұған дейін Дания (0:6), Шотландия (0:2), Грекия (5:1) және Ресей (1:4) командаларынан жеңілді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: