Жарнама
Жарнама

Карол Туньец: “Михал Пробеж талантты жастарға мүмкіндік бермейді”

Танымал спорт журналисі Ермұхамед Мәулен польшалық әріптесі Карол Туньецтен Михал Пробеж жайында аз-кем ақпарат алды.

Жарнама
Жарнама

Ермұхамед Мәулен: 

Михал Пробеж жалпы қандай бапкер? Сен ол жайлы не ойлайсың?

Карол Туньец – "LegiaNet" порталының редакторы:

  • Михал Пробежге ұлттық құрама тізгінін қайта қолға алудың тамаша мүмкіндігі туып отыр. Соңғы он жылда польшалық мамандарға шетелдік елдерден бұндай қызығушылық тумаған. 

 

  • Өз басым Пробежді Қазақстан құрамасына лайықты бапкер деп ойламаймын. Бұл бапкердің біздің елде абыройы жоқ. Басында Михалға қатысты нәрсенің барлығы позитивті тұрғыда етін. Алайда уақыт өте бапкердің басқа қырын байқай бастадық. Пробеж кішкене қиындықпен бетпе-бет келсе, жанындағыларды соған кінәлап шығады. Ол кезінде польшалық журналистерден бастап Роберт Левандовскиге дейін жанжал шығарған. Нәтижесінде ол Роберттің капитандық таңбасын әділетсіз түрде алып қойды. Пробеж Левандовский өзінің қызын ұйқыға жатқызып жатқанда хабарласып, сен енді құрама капитаны емессің, - деп айтқан екен.

 

  • Одан тағысы, Пробеж кезінде ұлттық құрамаға Италияның С Сериясынан Патрик Педа есімді жас, талантты қорғаушыны шақырады. Жаттығу-жиындарда өзін жақсы қырынан көрсеткен Педаны Михал бұдан былай Польша құрамасына шақыртпады. Пробеж сөйтіп жүріп, талай жас баланың сағын сындырған. Ол талантты жастарға мүмкіндік бермейді.

Ермұхамед Мәулен:

Қандай польшалық бапкерлерді Қазақстан құрамасына шақыртуға болады деп ойлайсың?

Карол Туньец - “LegiaNet” порталының редакторы:

  • Польшада қазіргі уақытта Қазақстан құрамасын Чеслав Михневич баптауға лайық деп ойлаймын. Аталған бапкердің арқасында біздің құрама Катардағы ӘЧ 1/8 финалына дейін жетті. Бірақ бапкер өзінің дым қатысы болмаған “сыйақы ісіне” байланысты қызметінен әділетсіз қуылды (егерде қызық десеңіз, ол оқиға жайында айтып бере аламын). Құрамадан кеткеннен кейін Михневич таяу Шығыста қызмет жасап келді. Бірақ онысынан нәтиже шығара алмады. Оның стилі - жаппай қорғаныс. Сол арқылы да Чеслав талай ойындарда діттеген мақсатына жетті. Мықты деген командалардан басым түсті. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: