Жарнама
Жарнама

Қашанғы әкімнің көңіл-күйін аңдимыз?!

17.02.2024, 19:11

Ел чемпионатының алдында клубтарымыз шама-шарқынша сауда жасап жатыр. Әркім көрпесіне қарай көсіледі. «Астана» айға қолын созбаса да, Қазақстандағы «авторитетін» түсіріп алмауды ойлайды. Қалғандары одан қалып қалмайын деп әлек. Әйтеуір, қарекет етуде.

Жарнама
Жарнама

Нәтижесін жақында, бірер турдан кейін білерміз. Енді біздің командалардың жағдайы облыс әкімдерінің көңіл-күйіне, дәлірек айтсақ, әкімнің футболға көзқарасына байланысты болатыны белгілі ғой. Бұл тенденция әлі қанша жалғасарын кім білсін, бірақ бүгінгі жағдайымыз осындай. Шетелдік клубтарға жетпейінше «Жетісу», «Тараз» бен басқалардың барлығы да әкімдіктің есігінен сығалап тұрғаны тұрған.

Бүкіл еуропаға «транзит» болған Португалияның топ клубтарын мысалға келтірейікші. Испания, Англия мен Италиядағы азулы командаларда ойнаған оңтүстік  америкалық футболшының 70-80 пайызының кезінде «Бенфика», «Порту» немесе «Спортингтен» ауысып келгендігін көруге болады. Мұндай мысал жетерлік. Шартты түрде «Порту» 19 жастағы колумбиялықты алды делік. Енді қауызын жарып келе жатқан жас жұлдызды танып қойған португалиялық скауттар баланы 2 миллион еуроға алады. Екі-үш маусымнан кейін тәп-тәуір сомаған сатып жібереді. Бұл екі тарапқа да тиімді трансфер. Неге? Оңтүстік америкалық елдің барлығы дерлік испан-португал тілінде сөйлейді. Сондықтан, Перу, Эквадор немесе Боливия секілді елдің жас футболшыларына Португалияға барғанда барыншы жеңіл келеді.

Біріншіден тілдік кедергі жоқ деңіз. Тілдік барьер болмағасын менталитет тұрғысынан да сондай бір айырмашылықтың байқалмайтыны анық. Өзін суда жүзген балықтай сезінген талант бірер маусымнан кейін шартты түрде «ПСЖ», «Реал», «Бавариялардың» қатарынан төбе көрсетеді. Осындай артықшылықтары үшін Португалияның топ клубтарына біраз уақыттан бері «транзиттік» дейтін тіркес жалғанды. Амстердамның «Аяксын» Еуропаның «доноры» дейді. Әлем футболына есімдерін алтын әріппен жазып қалдырған Уэсли Снейдер, Рафаэль Вандер Варт сынды жұлдызды футболшылардың барлығы «Аякс» футбол мектебінің түлектері саналады. Кішкентай ғана «Динамо Загреб» ше? Трансферден тапқан табысы жөнінен хорватияның чемпионы үздік 5 қатарында екен. Ойлаңызшы, бұл тізімде «Бавария» жоқ!

Меніңше, Қазақстанның орталық Азия елдерінің арасындағы осындай «транзиттік» ел атанатын тамаша мүмкіндігі бар. Бізге осыған дейін де Өзбек, Қырғыз бен Тәжіктің жастары келіп доп тепті ғой. Қалай десек те, көршілес елден келетіндерге комуникация ретінде орыс тілі қызмет ете лады. Көршілес елде жылт еткен талантты тартып, бірнеше маусым ширатып, сити болмаса да, Ресейдің, Бельгия немесе Польша секілді елдің командасына сатпасқа?!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров