Жарнама
Жарнама

Касильяс негізгі құрамға оралады

20.02.2014, 21:45
Жарнама
Жарнама
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти команданың оқу-жаттығу жиындары өтетін спорттық кешенінде тілшілердің көп сұрағына жауап берді. Баспасөз мәслихатында Икер Касильястың негізгі құрамға оралуы жайлы да сұрақтар қойылды. Әлемге танымал қақпашы туралы бапкер Карло Анчелотти: «егер корольдік клуб Чемпиондар Лигасының финалына шығатын болса, Икер Касильяс негізгі құрамда өнер көрсетеді», - деді. Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда мадридтік клубтың қақпасын Ла-Лигада Диего Лопес қорғап келеді. Бұл қақпашы да өзінің тәжірибелі екенін байқатып-ақ жүр. Ал Касильяс бапкер шешімімен тек Чемпиондар Лигасы мен Испания Кубогында негізгі құрамда алаңға шығуда. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров