“Қайратпен” болып жатқан Чемпиондар Лигасының қарымта матчы әккі қақпашы үшін керемет статистикамен басталып отыр.
Каспер клубтық футболдағы дебютын 2006 жылдың 14 қаңтарында “Питерборо” мен “Дарлингтон” матчында өткізді. Аталған ойында Шмейхель командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Содан қазіргі уақытқа дейін қақпашы әр түрлі ұжымдарда жалпы алғанда 777 кездесу өткізді. “Селтиктің” “Қайратқа” қарсы бүгінгі кездесуі де осы есепке қосылды.
Қақпашының өнер көрсеткен командалары:
1.”Лестер” - 479 матч (Англия)
2.”Селтик” - 53 матч (Шотландия)
3.”Нотс Каунти” - 49 (Англия)
4.”Ницца” - 46 (Франция)
5.”Лидс” - 40 (Англия)
6.”Андерлехт” - 32 (Бельгия)
7.”Берн” - 29 (Швейцария)
8.”Кардифф” - 14 (Уэльс)
9.”Фолкирк” - 11 (Шотландия)
10.”Манчестер Сити” - 10 (Англия)
11.”Ковентри” - 9 (Англия)
12.”Дарлингтон” - 4 (Англия)
13.”Лестер U21” (Англия)
Айта кетейік, Каспер осы маусымда “Селтик” ұжымы сапында ішкі чемпионатта 3 және Чемпиондар Лигасында 2 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET