Жарнама
Жарнама

«Каспий» «Ақжайықты» сенімді түрде жеңді

25.05.2021, 02:52
Ақтаулық клуб қатарынан екінші матчта қарсыластарына жауапсыз үш гол соқты.
Жарнама
Жарнама

"Ақжайық" Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры аясында "Каспийді" қабылдады. Ойын Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.

Матчтың 36-минутында Уаджди Сали әріптесінен керемет пас алып, алғашқы голды соқты. 68-минутта бұрыштамадан асырылған пасты Давид Караев өз пайдасына жаратты. Ал матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Руслан Сақалбаев үшінші голды соқты.

Кезекті рет жеңіске жеткен Срджан Благоевич шәкірттері 19 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. 21 ұпайы бар "Ақжайық" төртінші орынға сырғыды

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров