“Каспий” бапкер Қуаныш Қабдуловтың тізгінінде екінші ойын қатарынан сәтті ойнауда

Ақтаулық “Каспий” Бірінші лиганың 20-турында SD Family командасында қонақта болып, алаң қожайындарын 1:2 есебімен жеңді. 

Қонақ команда ойында соққан қос голына бұрыштама арқылы қол жеткізді. Біріншісінде Қасымжан Тайыпов әріптесінің асырған пасына басын тураласа, екіншісінде тәжірибелі қорғаушы Ерлан Қадырбаев кездесу қорытындысына нүкте қойды. Ал SD Family сапынан жалғыз голды 79 минутта Шадман Бакиров соқты. 

Ақтаулық ұжым жаңа бапкері Қуаныш Қабдуловтың баптауымен қатарынан екінші ойында ұпай еншілеп келеді. Бұған дейін “Каспий” тартысты кездесуде “Түркістанмен” тең тарқасқан болатын. 

Материалда: