Ақтаулық “Каспий” Лига Кубогының 3-тур кездесуінде талдықорғандық “Жетісуден” 2:1 есебімен басым түсті.
Лига Кубогы, 3-тур
“Каспий” 2:1 “Жетісу”
Голдар: Жұмаханов 17’, Көңлімқос 67’, Үсенов 71’
Осыдан бір күн бұрын "Каспий" бас бапкер Владимир Никитенкомен қоштасты. Қатарынан 4 ойын жеңілген ақтаулық клубтың басшылығы маманмен серіктестікті осы арада тоқтатқанды жөн көрді.
Жаңа бапкер тағайындалғанға дейін клубты Асқар Кельджанов баптайтын болды. Ол бүгін “Каспидің” жеңіске жетуіне барын салды. Осыған дейін клубтың жастарын жаттықтырып келген маманға бұл үлкен тәжірибе.
Біздің серіктес: FONBET