Бірінші лиганың екінші турында «Каспий» өз алаңында «Алтайды» қабылдады. Шығыс пен батыс дербиінде Ақтаулық команда сенімді жеңіске жетті.
Алаң иелері кездесудің 2-минутында-ақ есеп ашып, алға шықты. «Каспий» сапында көзге түскен Арман Нүсіп болатын. Бәсекенің бірінші таймының бел ортасында Ақтаулық футболшы дубль авторы атанды. Үзіліске 5 минуттай уақыт қалғанда Әлішер Рахымжанов есеп айырмасын қысқартқан. Алайда, екінші таймда Ақтаулық команда тағы екі рет доп соғып, қарсыласын тас-талқан ұтты. Айта кетейік, бірінші турда “Каспий” 2:0 есебімен “Арыстан” айласын асырған. Сонымен, Ақтаулық клуб екі тур қортындысында 6 ұпай жинады. Ал “Алтай” болса екі турдан кейін бірде-бір ұпай ала алмай келеді. Маусымашар матчта Өкемендік команда 0-1 есебімен “Қайрат-Жастардан” ұтылған.
Біздің серіктес: FONBET