Қызылордалық «Қайсар» футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Каспийден» жеңіліп қалды.
Матч Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өтіп, 1:0 есебімен Ақтаулық клубтың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 65-минутта Стефан Букорац соқты.
«Каспий» үшін бұл жеңіс - маусымдағы бірінші, ал «Қайсар» алғашқы жеңіліске ұшырады. «Қасқырлар» он ұпаймен төртінші орында қала бермек, ал ақтаулықтар алғашқы үш ұпайға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET