Жарнама
Жарнама

«Каспий» футболшысы әуежайда өзінің аяқ киімін жоғалтты

12.06.2021, 04:22
Футболшының бұл аяқ киімі су жаңа болған көрінеді.
Жарнама
Жарнама

"Каспийдің" жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич әуежайда өзінің аяқ киімін жоғалтты. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне клубтың бас менеджері Әлібек Оразғалиев айтты.

Оқиғаның мән-жайын айта отырып, ол Ақтау-Алматы рейсінде қарапайым жолаушылардың да жүктерінің жоғалғанын атап өтті.

"Алматыға келген кезде команданың жартылай қорғаушысы Никола Цуцкичтің жүгін ашып, оның аяқ киімінің (бутсы) жоғалып кеткені анықталды. Біздің футболшыдан басқа, осы рейстегі бірнеше жолаушының сөмкелері ашылған. Бірақ командадан тек Цуцкичтің заты ғана жоғалды. Бұл жағдайдың қай жерде болғанын білу үшін Алматы мен Ақтау әуежайларындағы видео кадрлар қайта қаралады.

Менің ойымша, бұл онша күрделі жағдай емес, ол бәрінде болады. Ойыншының екінші аяқ киімі бар. Жоғалған бутсы жаңа болатын және ол осы аяқ киіммен ойнағысы келді.

Қазір бүкіл команда Талдықорғанда өтетін матчқа әдеттегідей дайындалуда, ешқандай мәселе жоқ", - деді Оразғалиев.

Айта кетейік, ақтаулық клуб Премьер-лиганың он бесінші турында "Жетісумен" ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров