"Каспий" футбол клубы мен 27 жастағы жартылай қорғаушы Арман Нүсіп қос тараптың шешімі бойынша келісім-шартты бұзды. Ойыншы "Тараз" командасына ауысады, деп жазады ақтаулық клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Нүсіп "Каспийге" өткен жылдың тамыз айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол актаулық клуб сапында 29 матч өткізіп үлгерді, 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осы маусымда ойыншы 14 ойынға қатысты. Қазақстандық жартылай қорғаушының еншісінде 1 гол және 1 голдық пас бар.
Біздің серіктес: FONBET