Ақтаулық «Каспий» хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Пешичпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
30 жастағы футболшы бұған дейін беларусьтік «Динамо» (Минск) клубында өнер көрсеткен. Ал Қазақстанда «Шахтерің» намысын қорғады. 2019 жылғы маусымда ол 33 матчқа қатысып, сегіз гол соқты.
Қарағандылық клубта Пешич «Каспийдің» қазіргі бапкері Николай Костовпен бірге жұмыс істеді. Сондай-ақ 2020 жылғы маусымда ол «Қайсар» құрамында екі матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET